2023 жылғы 21 маусымда Жұмылдыру жұмысы, АҚ және ТЖ бөлімі «Резерв» РМК жұмыскерлерімен «Азаматтық қорғаныс жағдайында, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде «Резерв» РМК жұмыскерлерінің іс-қимылдары» тақырыбында теориялық сабақ өткізді.
Бөлім бастығы А.Д. Хаиров және бас маман Қ.Қ. Қабылбаев Кәсіпорында АҚ құрылымын құрудың негіздері мен қажеттілігі туралы жалпы ұғымдар жайлы айтты, төтенше жағдайларда жұмыскерлердің іс-қимыл тәртібін, буындарды қалыптастыру қағидаттары және олардың арасында ықтимал ТЖ-ны оқшаулау жөніндегі міндеттерді бөлуді, жұмыскерлерді құлақтандыру схемалары мен тәртібін, жиналу және эвакуациялау мәселелерін түсіндірді.
Болашақта алған білімді оқу жаттығуларын өткізу арқылы іс-жүзінде жүргізіп бекіту жоспарлануда.