Жақында, "Наурыз-мейрамын" мерекелеу аясында спорттық жарыстар өтті. ҚР ЦДҚАӨМ ММРК "Резерв" РМК қызметкерлері волейболдан және шахматтан жарысты ұйымдастырушылар болды. Кәсіби төрешінің  бағалау нәтижесі бойынша біздің команда волейболдан үшінші орынға ие болды. Басқа спорт түрлеріндеде қызметкерлер жеңіске деген құлшынысын, күш-жігерін көрсетті.

 

Мереке концерттік бағдарламамен аяқталды және қонақтар қазақ ұлттық тағамдарынан дәм татты.

 

Наурыз мерекесінің құрметіне тігілген киіз үйде жылы шырайлы көңіл-күй орнап, домбыра үні естілді.