Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің қызметкерлері шет қалмай мемлекеттік ұйымдармен, бизнес және кәсіпкерлік өкілдерінің коронавирус пен күрес жөніндегі бастамасын қолдады.
Елдегі төтенше жағдайға байланысты, Комитет қызметкерлері көмек көрсету туралы шешім қабылдап, өздерінің бір күндік жалақыларын тәулік бойы елімізде пандемияның таралуына жол бермеуге қарсы күресетін медицина қызметкерлеріне аударды.
Құрметті азаматтар! Осы қиын кезеңде біз барлығымыз бірігіп, коронавирусқа қарсы тұруға тиіспіз, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Ә. Назарбаев атап өткендей «Тек бірлікте ғана табысқа жетуге болады. Тек бірлікте ғана мемлекет құруға болады. Тек Бірлік елді қорғай алады. Тек бірлік ғана Қазақстанның және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын жақсарта алады».
- Опубликовано: 18 Апрель 2020
- Обновлено: 18 Апрель 2020
- Создано: 18 Апрель 2020
- Просмотров: 817