ҚР ҰЭМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» РМК қызметкерлері үшін 2020 жылғы 15 қыркүйекте "Zoom" қосымшасы бойынша бейнеконференция байланысы арқылы «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту» тақырыбында дәріс ұйымдастырылды.

ҚР ҰЭМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» РМК қызметкерлері үшін 2020 жылғы 15 қыркүйекте "Zoom" қосымшасы бойынша бейнеконференция байланысы арқылы «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту» тақырыбында дәріс ұйымдастырылды.

Осы тақырып бойынша Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары - Жылқышиева Жазира Жақсылыққызы дәріс оқыды .

Бұл дәрісте тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңа өзгерістер, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту, 2021 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы шектеулер, қылмыстық заңнамадағы өзгерістер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті жүргізіп жатқан жұмыстар және "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі аясында іске асырылып жатқан жаңа жобалар туралы айтылды.

   

Дәріс барысында "Резерв" РМК қызметкерлері дәріс тақырыбы бойынша сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.

Өткізілген іс-шараның қорытындысы бойынша "Резерв" РМК Бас директорының бірінші орынбасары Р.М. Асансеитов Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментіне дәріс өткізгені үшін алғысын білдірді және "Резерв" РМК-да осындай іс-шараларды тұрақты негізде өткізу туралы келісімге қол жеткізді.

   

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі