Бөлшектеу және тік жоспарлау бойынша жұмыстарды орындай отырып, металл сынықтарын өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Стрела» филиалының аумағында бөлшектеу және тік жоспарлау жөніндегі жұмыстарды жүргізе отырып, кәсіпорынның өндірістік қызметі нәтижесінде пайда болған(мұнай базасының резервуарлық тобын есептен шығару) металл сынықтарын өткізеді.

Жұмыс жүргізу орны: «Резерв» РМК «Стрела» филиалы, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Бастөбе ауылы.

Өткізілетін тауармен және жұмыс көлемімен танысу үшін мынадай құжаттар қоса беріледі:

- Металл сынықтарының құнын бағалау («Феникскоммерц» эксперттік компания» ЖШС жүргізген 09.03.2021 ж. № 009/03/2021 есебі);

- Жұмыс құнының сметалық есебі;

- Техникалық тапсырма;

- Шарт жобасы.

Бұл хабарландырудың мақсаты әлеуетті сатып алушылардан коммерциялық ұсыныстар алу болып табылады.

Мүдделі тұлғалар мыналарды ұсынуы қажет:

1) бөлшектеу және тік жоспарлау жөніндегі жұмыстарды жүргізуді ескере отырып, металл сынықтарын сатып алу жөніндегі коммерциялық ұсыныс;

2) III санаттағы құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия (ҚМЖ) немесе тік жоспарлау жөніндегі жұмыстарға тиісті лицензиясы бар құрылыс компаниясымен шарт;

3) жеке өндірістік базаның, техниканың болуы туралы ақпарат (техниканы жалдау шарты);

4) жұмыс жүргізу орнынан 80 км радиуста орналасқан қалдықтарды орналастыру, көму және кәдеге жарату жөніндегі мамандандырылған объектімен жасалған шарт;

5) шарттың қол қойылған жобасы қоса беріле отырып, шарттың барлық тармақтарымен жазбаша келісім.

Коммерциялық ұсыныстар сатылатын металл сынықтары мен жұмыстарының тек қана бүкіл көлеміне ғана қабылданады.

Коммерциялық ұсыныстарды талап етілетін құжаттармен қоса 2021 жылғы 20 мамырдың сағат 18.00-ге дейінгі мерзімде келесі мекенжайлар бойынша жіберу қажет:

1) Нұр-Сұлтан қаласы, Янушкевич көшесі 2-үй, тел. 374186, электрондық мекенжайы Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..

2) Алматы облысы, Қаратал ауданы, Бастөбе ауылы, 050-есептік орам, 41-құрылыс, тел. 8-72834-34741, электрондық мекенжайы Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..

Attachments:
Download this file (Договор.docx)Договор.docx[ ]1297 kB2021-04-30 17:132021-04-30 17:13
Download this file (Техническое задание.pdf)Техническое задание.pdf[ ]1601 kB2021-04-30 17:132021-04-30 17:13
Download this file (Сметный расчет стоимости работ.pdf)Сметный расчет стоимости работ.pdf[ ]1540 kB2021-04-30 17:132021-04-30 17:13
Download this file (Отчет об Оценке-сжато.part3.rar)Отчет об Оценке-сжато.part3.rar[ ]1160 kB2021-04-30 17:132021-04-30 17:13
Download this file (Отчет об Оценке-сжато.part2.rar)Отчет об Оценке-сжато.part2.rar[ ]1536 kB2021-04-30 17:132021-04-30 17:13
Download this file (Отчет об Оценке-сжато.part1.rar)Отчет об Оценке-сжато.part1.rar[ ]1536 kB2021-04-30 17:122021-04-30 17:12

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі