2021 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мен «Резерв» РМК мемлекеттік материалдық резервтер жүйесінің ардагерлері Сэмен Назарбайұлы Бекбаулинді, Амангелді Молдабаевты және Эдуард Андреевич Циммерманды Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтауды ұйымдастырды.
Бұл күні «Резерв» РМК Бас директорының бірінші орынбасары Ришат Мұханбетұлы Асансеитов ардагерлерге барып, құттықтады. Ол мерекелік себет тарту етіп, Азаматтық қорғау ардагерлері орталық кеңесінің грамотасын тапсырды. Ардагерлерге мемлекеттік материалдық резерв жүйесін дамытудағы үлесі мен ұзақ жылғы және адал еңбектері үшін алғысын білдіріп, оларға мықты денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.
Кездесу жылы көңіл-күйде өтті, ардагерлер мемлекеттік материалдық резервтер саласындағы өз тәжірибелерімен бөлісіп, Комитет пен «Резерв» РМК қызметкерлеріне ақ батасын берді.
- Опубликовано: 08 Май 2021
- Обновлено: 10 Июнь 2021
- Создано: 08 Май 2021
- Просмотров: 721