2016 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінде семинар болып өтті

2016 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінде «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы және «Бірлік» филиалы өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізі» тақырыбында семинар болып өтті.

     Семинарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Данияр Исраилұлы Райымбаев және «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының партиялық бақылау инспекторы Серік Нүсіпұлы Көлбаев қатысты.

     Семинар қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті бейнелейтін қоғамдағы құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған. Осындай семинарларды өткізу қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің түрлері мен тәсілдері туралы ұғымдарын қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзуды болдырмауға  мүмкіндік береді.

     «Сыбайлас жемқорлық заманауи қоғамның теріс құбылыстары болып табылады, ол тыңғылықты зерделеуді, жүйелі тәсілді, кешенді және жедел қарсы әрекетті талап етеді. Кез келген мемлекеттің қауіпсіздігі, әл-ауқаты және болашағы осы проблеманың шешілу деңгейіне тікелей байланысты. Сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз шегінде жүргізуге міндетті. Бүгінгі күні мемлекетіміздің мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі   атап айтқанда, біздің еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады» – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Д.И. Райымбаев.

     «Нұр Отан» партиясы АҚФ-ның баспасөз хатшысы А.Б. Берлібай семинарға қатысушыларды партия жобаларымен, соның ішінде «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» жобасымен таныстырды.

     Семинар соңында «Нұр Отан» партиясы АҚФ-ның партиялық бақылау инспекторы С.Н. Көлбаев сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік жамандық ретіндегі мәнін ашып көрсететін әлеуметтік бейнероликтердің тұсаукесерін өткізді. 

     Комитет пен «Резерв» РМК қызметкерлері семинар тақырыптарын талқылауға белсене араласты.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі