«Салауатты отбасы – салауатты қоғам» спартакиадасы өткізілді

2023 жылғы 15 қыркүйекте «Резерв» РМК орталық аппаратында және оның 10 филиалында «Отбасы күні» мерекесіне орай спартакиада өткізілді.
«Отбасы – әр адамның өміріндегі ең асылы. Біз отбасында сүйіспеншілікті, жауапкершілікті, қамқорлықты, сыйластықты үйренеміз. Бүгінгі іс-шара отбасылық командалар сайысы болып табылады және ол өз отбасына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге, отбасылық қарым-қатынастардың оң тәжірибесін қалыптастыруға, бірлескен шығармашылық қызметке ұмтылуға, балалар мен ересектердің өзара түсіністігіне ықпал етуге бағытталған»,-деп «Резерв» РМК Бас директорының орынбасары, әділқазылар алқасының төрағасы Мұхит Түменбаев құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
6 команда өздерін таныстырып, белсенді қатысып, түрлі қызықты тапсырмаларды орындады. 1-орын – бухгалтерлік есеп басқармасының «Сұңқар» командасы, 2-орын – технолог мамандарының «Смайлики» командасы, 3-орын материалдық техникалық қамтамасыз ету маманы мен күзет саласының маманы «Капитоша» командасы иеленді. Қатысқан әр 6 командаға ақшалай жүлде сыйлықтары табысталды.
Спартакиада «Резерв» РМК Кадр қызметі басқармасының және «Резерв» РМК жұмыскерлерінің кәсіподағы» ҚБ басшылығымен өткізілді. Осылайша, кәсіподақ ұйымы «Резерв» РМК орталық аппараты мен филиалдарынан жарысқа қатысушылардың барлығына ақша қаражатын бөлді.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі