Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде семинар-кеңес өтті

2023 жылғы 28 қыркүйекте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамадағы өзгерістер, «парасаттылықты тексеру» әдісі» тақырыбында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Ж.Ж. Жылқышиеваның және «AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы В.В. Ставкиннің, Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мен «Резерв» РМК, сондай-ақ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен оның аумақтық департаменттері жұмыскерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңес барысында Ж.Ж. Жылқышиева Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы өзгерістер туралы, сондай-ақ «Integrity check» парасаттылығын тексеру әдісін іске асыру туралы айтты.
Семинарға қатысушылар кірістер мен мүлікті жалпыға бірдей декларациялауға, белгісіз тұлғалардың жеке шотына ақша қаражатын аудару жағдайына, сондай-ақ қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін басшылардың дербес жауапкершілігіне қатысты мәселелерді талқылады.
Семинар қорытындысы бойынша мынадай ұсыныстар берілді:
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормалары мен қағидаттарын тұрақты негізде сақтау;
- заңда тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауапкершілік көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу, сондай-ақ, семинарға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнеролик көрді.

 

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі