Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ауғанстанға жойқын жер сілкінісінің салдарын жою бойынша қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік, шатырлар, киім-кешек және төсек-орын жабдықтары бөлінді. Жөнелтілетін гуманитарлық жүктің тізбесінде барлығы 1659 тонна көлемінде 13 түрлі тауар бар.
Бұдан басқа, «СК Фармация» ЖШС Ауғанстанға жөнелту үшін дәрі-дәрмектер бөлді.
Дәрі-дәрмектер мен шатырлар Ұлттық ұланның ұшағымен жіберілді, оларды адресаттар бүгін алады.
Қалған гуманитарлық көмекті жеткізу теміржол көлігімен жүзеге асырылады.
Бір күн бұрын Герат провинциясына іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖМ-нің 45 қызметкері жіберілді.
- Опубликовано: 11 Октябрь 2023
- Обновлено: 12 Октябрь 2023
- Создано: 11 Октябрь 2023
- Просмотров: 286