25 қазан – Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды және бұл елдің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды.
Декларация Қазақ КСР-нің егемендігін жариялады және Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін айқындады. Онда алғаш рет аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығы, халықтар мәдениеті мен олардың тілдерін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттілік қағидаттары бекітілді.
Өткен жылдан бастап 25 Қазан – Республика күні еліміздің жалғыз ұлттық мерекесі болды.
2023 жылғы 24 қазанда Комитетте Республика күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
Комитет төрағасы Салтанат Сабырбаева құттықтау сөз сөйлеп, Комитет, «Резерв» РМК, сондай-ақ оның филиалдарының қызметкерлеріне ҚР ТЖМ ведомстволық наградаларын табыстады. «Резерв» РМК Бас директоры Ришат Асансеитов те ұжымды құттықтап, өз атынан Кәсіпорын жұмыскерлеріне алғыс хаттар табыстады.
Іс-шараға қатысушыларға мереке тарихы туралы деректі бейнеролик көрсетілді және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
- Опубликовано: 24 Октябрь 2023
- Обновлено: 24 Октябрь 2023
- Создано: 24 Октябрь 2023
- Просмотров: 308