«Целина» филиалының директоры тағайындалды

2023 жылғы 27 қазанда «Резерв» РМК Бас директорының бұйрығымен Сағынай Тіленұлы Талқанов ҚР ТЖМ ММРК «Резерв» РМК «Целина» филиалының директоры болып тағайындалды.
Филиал директорын жеке құрамға «Резерв» РМК Бас директорының орынбасары Мұхит Жақсылықұлы Түменбаев таныстырды.
С.Т. Талқанов 1975 жылы 14 қарашада Қостанай облысында дүниеге келген. 1998 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтын бітірді, 2003 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі - «заңгер».
Еңбек жолын 2000 жылы Қостанай облысының ІІБ учаскелік инспекторы болып бастады. 2002 жылдан 2010 жылға дейін мемлекеттік сот орындаушысы ретінде жұмысын жалғастырды, 2011 жылдан 2023 жылдың қазан айына дейін Қостанай облысының жеке сот орындаушысы болып жұмыс істеді.
М.Ж. Түменбаев қызметтік сапар аясында «Целина» филиалының жұмыскерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша түсіндірме әңгіме өткізді. С.Т. Талқановқа алдағы жұмыстарына табыс тілеп, оның алдында тұрған негізгі міндеттерді белгіледі.

 

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі