Ағымдағы жылдың 2 қарашасында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді. ТЖМ аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелеріне, оның ішінде «Резерв» РМК филиалына барып, осы ұйымдардың басшыларын тыңдап, Министрлік алдына қойған негізгі мақсаттар мен міндеттерді жеке құрамға жеткізді.
Сапар барысында «Заря» филиалының өндірістік-шаруашылық қызметімен, негізгі қорлардың (қоймалар, резервуарлар және т.б.) ағымдағы жағдайымен танысты, резервуарларды күрделі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.
Вице-министр мемлекеттік материалдық резерв тауарларының сақталуын, өрт қауіпсіздігін, «Заря» филиалына күрделі жөндеуге бөлінген қаражатты уақтылы және тиімді игеру қажеттілігін қамтамасыз ету бойынша міндеттер қойды.
3 қарашада осы сапар барысында Шымкент қаласының басшылығымен кездесуде Пішембаев М.Қ. Комитет пен «Резерв» РМК үшін маңызды мәселе болып табылатын мемлекеттік материалдық резерв жаңа базасының инфрақұрылымы үшін жер учаскелері мәселесін шешуді жеделдетуге жәрдем көрсетуді сұрады.
- Опубликовано: 03 Ноябрь 2023
- Обновлено: 03 Ноябрь 2023
- Создано: 03 Ноябрь 2023
- Просмотров: 270