2016 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта дәріс өткізілді.

2016 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау академиясының профессоры, аға прокурор, заң ғылымдарының докторы Солидат Елегенқызы Қайыржанова «Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі жұршылықтың рөлі» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріске Комитет пен «Резерв» РМК қызметкерлері қатысты.

С.Е. Қайыржанова өз сөзінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты туралы айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аспектілерімен таныстырды.

Дәріскер әрбір азаматтың сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілігі ахуалын қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаудың себептері мен салдарына ерекше тоқталып,  өмірден мысалдар келтірді.

Дәріс барысында Комитет пен «Резерв» РМК қызметкерлері сыбайлас жемқорлық туралы ғана емес, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қарсы зорлық-зомбылық, терроризм туралы да сұрақтар қойып, оларға ғалым толық жауап берді.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі