Ауғанстанға жойқын жер сілкінісінің салдарын жою бойынша қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен 1659 тонна гуманитарлық жүк бөлінді.
2023 жылғы 21 қазанда Балх провинциясы бойынша ТЖМ басқармасының басшысына ұн, күріш жармасы, өсімдік майы, сүт консервілері, кереуеттер, төсек-орын жабдықтары, киім-кешек берілді.
Провинция губернаторының орынбасары өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевқа көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді. ТЖМ құтқарушылар командасының келуін жеке атап өтіп, ауған халқына тұрақты қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Бұдан бұрын - 11 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының ұшағымен Ауғанстанның Герат қаласына мемлекеттік материалдық резервтен 70 шатыр және «СК-Фармация» ЖШС берген дәрілік заттар түріндегі гуманитарлық көмек жеткізілді.
- Опубликовано: 21 Октябрь 2023
- Обновлено: 11 Декабрь 2023
- Создано: 21 Октябрь 2023
- Просмотров: 245