15 желтоқсанда "Резерв" РМК ғимаратында Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің мемлекеттік қызметшілері мен "Резерв" РМК жұмыскерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Комитет төрағасы Салтанат Сабырбаева мен "Резерв" РМК Бас директоры Ришат Асансеитов құттықтау сөз сөйледі.
Марапаттау рәсімінде Р. М. Асансеитов өз атынан Кәсіпорын жұмыскерлеріне мереке қарсаңында өткізілген үстел теннисі мен волейболдан турнир жеңімпаздарына Грамоталар мен Дипломдарды табыстады. Жалпы, ҚР ТЖ министрінің ведомстволық наградаларымен Кәсіпорынның орталық аппараты мен филиалдарының 9 жұмыскері марапатталды.
Аталмыш іс-шарада тәуелсіздік жолының басталуы, қайғылы салдарлар, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының құрбандары туралы тақырыптық бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ, "Керім" және "Ұлы Дала" топтарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.
"Резерв" РМК-ның 10 филиалында да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған спорттық жарыстар өткізілді.
- Опубликовано: 15 Декабрь 2023
- Обновлено: 20 Декабрь 2023
- Создано: 15 Декабрь 2023
- Просмотров: 262