2024 жылғы 5 наурызда Мемлекеттік материалдық резервтен тиелген 1 000 тонна дизель отыны ресми түрде Қырғыз Республикасына берілді.
Тапсыру Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Рәпіл Сейтханұлы Жошыбаев пен Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Таалайбек Омукеұлы Ибраевтың қатысуымен жүзеге асырылды.
Гуманитарлық көмек Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің қолдауымен көрсетілді. 1 000 тонна дизель отынының екінші партиясы Ыстықкөл облысындағы Балықшы станциясына жөнелтілді.
- Опубликовано: 05 Март 2024
- Обновлено: 05 Март 2024
- Создано: 05 Март 2024
- Просмотров: 140