ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі «Балқаш» филиалында болды

Биылғы жылдың 15 наурызында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі С.Т. Төленбергенов жұмыс сапарымен Абай облысына келді. ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» РМК «Балқаш» филиалында болды.

Сапар барысында филиалдың қызметімен танысты, қоймалар мен объектілерді қарап шықты, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв тауарларының сапалы және сандық сақталуын қамтамасыз ету, филиал объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттер қойды.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі