2024 жылғы 3 сәуірде ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының бұйрығымен «Резерв» РМК бас директоры болып Борис Юрьевич Волков тағайындалды. Ол бұрын «Резерв» РМК Бас директорының орынбасары қызметін атқарды.
Тағайындау 2024 жылғы 1 сәуірде өткізілген бос лауазымға орналасуға арналған конкурс қорытындысы бойынша жүргізілді.
Борис Волков 1980 жылы туған, білімі жоғары, 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді.
2001-2011 жылдары квазимемлекеттік секторда өз мамандығы бойынша жұмыс істеді, 2011-2023 жылдары «Казимпекс» республикалық орталығы» АҚ басшы лауазымдарында қызмет атқарды.
Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті
- Опубликовано: 03 Апрель 2024
- Обновлено: 23 Май 2024
- Создано: 03 Апрель 2024
- Просмотров: 169