Гуманитарлық жүк броньнан шығарылды

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтен 51 бірлік арнайы және автомобиль техникасы, тіршілікті қамтамасыз ету құралдары, 15 400 адамға арналған төсек-орын жабдықтары, 4 000 адамға арналған шатырлар броньнан шығарылды.

Материалдық құндылықтар Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» РМК филиалдарынан шығарылды және Ақмола, Қостанай, БҚО және СҚО әкімдіктері мен ТЖД-ға берілді.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі