Отан қорғаушылар күні атап өтілді

2024 жылғы 6 мамырда Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мен «Резерв» РМК-нің әйелдер жартысы жұмысқа кіре-берісте ер адамдарды сыйлықтармен және мерекелік көңіл-күймен қарсы алып, түскі уақытта ер азаматтарға арнап дастархан жайып, жылы лебіздерін білдірді.

Мереке қарсаңында, сонымен қатар, қызметкерлер «ардагер»-зейнеткерлерге барып, оларға ұйымдар атынан сыйлықтар табыстады.

Ерекше көзге түскен ер адамдар ҚР ТЖ министрінің ведомстволық наградаларымен марапатталды.

«Резерв» РМК

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі