2024 жылғы 15 тамызда Жұмылдыру жұмысы, АҚ және ТЖ бөлімі «Резерв» РМК Орталық аппараты жұмыскерлерінің ғимаратқа және іргелес жерге радиациялық ластанудың шартты қаупі туындаған кездегі іс-қимылдарын пысықтау бойынша практикалық сабақ өткізген болатын.
Сабақ қорытындысы бойынша Кәсіпорынның құлақтандыру және байланыс жүйесі техникалық жарамды күйде, персонал тұтастай алғанда экстремалды жағдайларда әрекет ету дағдыларын меңгерген, ал ЖБО-ның кезекші қызметі жұмыскерлерді шартты қауіп туралы хабардар ету бойынша іс-қимылдарды уақытылы және дұрыс орындады деген қорытындылар жасалды.
Кәсіпорын жұмыскерлерімен жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, сондай-ақ азаматтық қорғаныс құралымдары шеңберіндегі іс-қимыл тәртібі бойынша практикалық сабақтар өткізілді.
- Опубликовано: 19 Август 2024
- Обновлено: 06 Декабрь 2024
- Создано: 19 Август 2024
- Просмотров: 259