ҚР ТЖМ ҚММР «Резерв» РМК қызметкерлері «30 игі іс» акциясы аясында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай қарттар үйіне барды

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай бүкіл ел бойынша «30 игі іс» қайырымдылық акциясы өтуде, біздің команда Астана қаласының қарттар үйіне қайырымдылық көмек көрсетті.
     Акцияның мақсаты-аға буынның эмоционалды және материалдық қолдауы. Акция аясында Қарттар үйінің әкімшілігіне тонометрлер, Автоматты және механикалық глюкометрлер, балдақтар, таяқтар, памперстер, майлықтар, қысымға қарсы таблеткалар, ингаляторлар берілді.
   Біз тәттілерді сатып алып, тамақты ұйымдастырдық, қарттармен сөйлестік, оларға көңіл бөлдік, кейде оларға жетіспейтін кішкене қамқорлық пен жайлылық сыйладық.
     Сондай-ақ, «Резерв» РМК қызметкерлері ерікті түрде жинаған қалған қаржы қаражаты директорға Қарттар үйіне қажетті заттарды сатып алу үшін берілді.
    Кез – келген осындай акцияның құндылығы-қайырымдылыққа мүмкіндігінше көп жұмысшыларды тарту және қарттардың өмір сүру сапасын жақсартуға және олардың проблемаларына назар аударуға бағытталған.

                                                               

 

                                                                                            «Резерв» РМК