РМК «Резерв» қызметкерлеріне зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын үйрету бойынша оқу өткізілді. Сабақты «Жедел медициналық жәрдем орталығының» филиалының дәрігерлері — Имамбаев Нұрлан Ислямович, Ибраев Қуат Құдушевич және фельдшер Ахметжанов Серікбай Барлыбаевич жүргізді.
Оқыту барысында қатысушылар алғашқы медициналық көмектің негізгі қағидаларымен, әртүрлі жарақаттар мен шұғыл жағдайларда әрекет ету алгоритмімен танысып, манекендерде практикалық дағдыларды меңгерді.
Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің төтенше жағдайларда іс-қимыл жасауға дайындығын арттыруға, қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға ықпал етеді.
- Опубликовано: 05 Ноябрь 2025
- Обновлено: 05 Ноябрь 2025
- Создано: 05 Ноябрь 2025
- Просмотров: 61