Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінде Қазақстан Республикасы 17-қазан мемлекеттік материалдық резервтер жүйесінің құрылу күні құрметіне арналған марапаттаудың салтанатты рәсімі өтті.
Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасының әнұранынан басталды. Комитет төрағасы Асқар Әнетұлы Сәду өз кіріспе сөзінде Комитет және «Резерв» РМК қызметкерлерін мерекемен құттықтап, ұзақ уақыт бойы экономикалық тұрақсыздық және техногенді, табиғи апаттар, соғыс қаупі жағдайларында мемлекеттік материалдық резервтер жүйесі мемлекеттің сенімді тірегі болып табылатынын атап өтті.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік материалдық резервтер жүйесінде атқарған мінсіз, адал және ынталы еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің және «Резерв» РМК қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің Құрмет грамотасымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының Алғыс хатымен салтанатты түрде марапатталды.
Сонымен қатар 2015 жылға тұспа тұс келген атаулы мерейтойлар құрметіне орай Комитеттің Персоналмен жұмыс және әкімшілік жұмыс басқармасының басшысы Дария Амангелдіқызы Жаукеноваға Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медаль және Комитеттің Жұмылдыру резервін есепке алу және бақылау басқармасының басшысы Бауыржан Қайыржанұлы Ахметовке Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған ескерткіш медаль тапсырылды.
- Опубликовано: 20 Октябрь 2015
- Обновлено: 25 Ноябрь 2016
- Создано: 20 Октябрь 2015
- Просмотров: 16688