2015 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары С.К. Сабырбаеваның Біріккен Ұлттар Ұйымының Ізгілік мәселелерін үйлестіру офисінің директоры Рашид Халиковпен жұмыс кездесуі болып өтті.
Кездесу қатысушылары табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан әлеуметтік және техногендік зардап шеккен мемлекеттерге ізгілік көмек көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың жағдайы және перспективалары жөнінде, сондай-ақ алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, кездесудің қорытындысы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Ізгілік мәселелерін үйлестіру офисінің директоры Р. Халиков ізгілік көмек көрсетудің халықаралық тәжірибесін пайдалану мақсатында Қазақстанда материалдық құндылықтар және ақшалай қаражат түрінде ізгілік көмек көрсету, сондай-ақ оны жеткізу бойынша іс-шараларға мемлекеттік органдардың өкілдерін қатыстыра отырып семинар өткізуді ұсынды.
Кездесу өзара түсінушілік пен сындарлы жағдайда өтті.
- Опубликовано: 22 Октябрь 2015
- Обновлено: 25 Ноябрь 2016
- Создано: 22 Октябрь 2015
- Просмотров: 12729