2015 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты: ұғым және мазмұн» тақырыбында семинар өткізді.

2015 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Жауапты хатшысының 2015 жылғы 10 маусымда бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің іс-шаралар жоспарын орындау үшін  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты: ұғым және мазмұн» тақырыбындасеминар өткізді. Семинарға Қазақстан РеспубликасыныңМемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Нұр Отан» партиясының және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау академиясының өкілдері қатысты.

Семинар модераторы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің Персоналмен жұмыс және әкімшілік жұмыс басқармасының басшысы Дария Амангелдіқызы Жаукенова алғысөзінде іс-шараның мақсатын хабарлап, Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мен «Резерв» РМК қызметкерлерін бүгінгі семинардың қонақтарымен таныстырды.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жүргізу басқармасының бас консультанты Аян Сабырұлы Сабыров қатысушыларды заманауи кезеңдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың ерекшеліктерімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аспектілерімен таныстырды. Өз сөзінде Агенттікте Қазақстан Республикасы азаматтарының қоңырау шалуға және сыбайлас жемқорлық сипатындағы кез келген құқық бұзушылық туралы хабарлауға құқығы бар 1494 бірыңғай байланыс орталығының жұмыс жасайтынын атап өтті.

 

Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің Жұмылдыру бөлімшесінің бас сарапшысы Манас Бадыханұлы Мағұлов өз сөзінде меритократия қағидатын қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмаудың негізі ретінде бөліп көрсетті. Ол аталған қағидатты сақтау өз кезегінде мүмкіндігінше лайықты мамандарды іріктеп алуды қамтамасыз етуге, олардың жеке еңбегін тану негізінде кәсіби және мансаптық өсуіне бағытталғанын, сондай-ақ меритократия қағидатын енгізу мемлекеттік қызметшінің өз қызметі мен  еңбегінің объективті бағалануына деген сенімін қамтамасыз ететіндігіне тоқталды.   

 

«Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының  Партиялық бақылау қызметінің үйлестірушісі Қанат Байарыстанұлы Есмағамбетов партиялық 2015-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері туралы, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастырудағы «Нұр Отан» партиясының рөлі, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті насихаттауда ерекше орын алып отырған «Жас Отан» партияның жастар қанатының қызметі туралы айтып берді.

Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің Жұмылдыру резервін есепке алу және бақылау басқармасының басшысы Бауыржан Қайыржанұлы Ахметов сыбайлас жемқорлықпен күрес – бұл әрбір қазақстандықтың ісі екенін мәлімдеді. Әрбір азамат, әрбір отбасы олардың лайықты үлгісінің жас ұрпаққа нағыз құндылықтарды таңдауға көмектесетінін түсінуі тиіс және ерте жастан бастап біздің балалардың бойына тәртіптілік, адалдық және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік секілді қасиеттерді егу қажет.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау академиясының профессоры, аға прокурор, заң ғылымдарының докторы Солидат Елегенқызы Қайыржановамемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізі болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986  Жарлығымен бекітілген 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа  қарсы стратегиясының мақсаты мен мақсат индикаторларына ерекше назар аударды. Сондай-ақ, жасалатын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының түрлері, себептері мен салдарытуралы айтып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша халықаралық тәжірибеден мысалдар келтірді.

Семинар барысында Комитет пен «Резерв» РМК қызметкерлерініңсұрақтарына толық жауап берілді.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі