2016 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мен «Резерв» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында Қазақстан Республикасының Конституциясы күні және Тәуелсiздiгiмiздің 25 жылдығы құрметіне мерекелік жиын өткізілді.
Мерекелік жиынды ҚР ҰЭМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің Төрағасы Б.З. Иманәлиев құттықтау сөзімен ашты. ҚР ҰЭМ ММРК және «Резерв» РМК қызметкерлері Қазақстан Республикасының мерекелерге арналған өлең-жырлар оқыды, би биледі, күй тартып, ән шырқады.
Мерекеге келген кішкентай қонақтар – қызметкерлердің балалары өз өнерлерін ортаға салды. Ұжым қызметкерлері атынан бүлдіршіндерге сыйлықтар тарту етілді.
Мемлекеттік материалдық резервтер саласының қызметкерлері қажырлы еңбектерімен қатар, осындай тәрбиелік мәні бар іс-шаралармен Ата Заң аясында тәуелсіздігімізді одан әрі нығайтуға өздерінің лайықты үлестерін қосып отыр.
- Опубликовано: 02 Сентябрь 2016
- Обновлено: 02 Декабрь 2016
- Создано: 02 Сентябрь 2016
- Просмотров: 13429