2016 жылғы 23 қыркүйекте ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мен «Резерв» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында Қазақстан халқы тілдері күні және Тәуелсiздiгiмiздің 25 жылдығы құрметіне «Үш тұғырлы тіл – заман талабы» тақырыбына пікір-сайыс өтті.
Мерекелік жиынды ҚР ҰЭМ ММРК Төрағасының орынбасары А. Қадырбеков құттықтау сөзімен ашты.
Жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру үшін үш тұғырлы тіл тақырыбы өзекті екені талқыланды. Қызметкерлер оқыған А. Байтұрсыновтың, С. Торайғыровтың өлеңдері әсерлі болды.
Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды, үш тілділіктің негізі болып, маңызы жойылмайды. «Үш тұғырлы тілдің» мәні, халық пен болашақ ұрпаққа беретін пайдасы зор деген қорытындымен пікір-сайыс аяқталды.
ҚР ҰЭМ ММРК «Резерв» РМК Бас директоры міндетін атқарушы Б. Орынбеков Ел Тәуелсiздiгiнің 25 жылдығы ауқымында өтіп жатқан Тілдер күнімен қызметкерлерді құттықтап, ұжымның ұйытқысы болатын, рухани құндылықтарды арттыратын осындай іс-шаралардың маңызын атап өтті.
- Опубликовано: 29 Сентябрь 2016
- Обновлено: 02 Декабрь 2016
- Создано: 29 Сентябрь 2016
- Просмотров: 11591