Отырыс барысында мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің жаңа бағыттары мен өзекті проблемалары талқыланды, олардың шешу жолдары белгіленді.
«Мемлекеттік материалдық резервтің жай-күйі мен перспективалары туралы» Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы А.Ә. Сәду мен «Резерв» РМК-нің сақтау базаларының техникалық жағдайы туралы» «Резерв» РМК-нің Бас директоры М.Ж. Орынбаев баяндама жасады.
Отырыста, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Н.С. Құнанбаев «Резерв» РМК филиалдарының өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндесөз сөйледі.
Көшпелі отырыс нәтижесі бойынша нақты ұсыныстар әзірленді және мемлекеттік материалдық резервті дамыту бойынша ұсыныстар берілді.
- Опубликовано: 08 Декабрь 2015
- Обновлено: 25 Ноябрь 2016
- Создано: 08 Декабрь 2015
- Просмотров: 13654