Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінде
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған марапаттау рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ) Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты Комитет қызметкерлерін ведомстволық наградалармен марапаттаудың салтанатты рәсімі өтті.
Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасының әнұранынан басталды. Комитет төрағасы Асқар Әнетұлы Сәду өз кіріспе сөзінде Комитет және «Резерв» РМК қызметкерлерін ұлттық мерекемен құттықтап, бүгінгі күні Қазақстанның әр тұрғыны болашаққа сеніммен қарайды, ол өз елін, өзін Қазақстан Республикасының Азаматы екендігін мақтан тұтады. Мұның бәрі – біздің Мемлекеттік Басшысының еңбегі деп атап өтті.
Мемлекеттік материалдық резервтер жүйесіне қосқан үлесі үшін және өз қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін Министрліктің ведомстволық наградаларымен мына қызметкерлер марапатталды:
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығына сәйкес Тәуелсіздік күнін атап өтуге орай:
Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен - төраға орынбасары Асан Тұрсынұлы Қадырбеков.
«Еңбек ардагері» медалімен – «Резерв» РМК Жұмылдыру жұмысы азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Молдабаев Амангелді және «Резерв» РМК «Заря» филиалының бас инженері директордың орынбасары Жанабай Елбасы.
Министрліктің Құрмет грамотасымен:
Бауыржан Қайыржанұлы Ахметов - Комитеттің Жұмылдыру резервін есепке алу және бақылау басқармасының басшысы;
Нашын Анар Нашынқызы- Комитеттің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы;
Министрдің Алғыс хатымен:
Айсәуле Толыбайқызы Баекеева - Комитеттің Персоналмен жұмыс және әкімшлік жұмыс басқармасының бас сарапшысы марапатталды.
Салтанатты рәсімнің соңында Комитет төрағасы өзінің әріптестеріне біздің мемлекетіміздің гүлденуі үшін барлық күштерін аямай еңбек етуді, еңбектерінің жемісті және табысты болуын тіледі.
- Опубликовано: 18 Декабрь 2015
- Обновлено: 25 Ноябрь 2016
- Создано: 18 Декабрь 2015
- Просмотров: 12173