2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінде «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық «Бірлік» филиалының өкілдерімен кездесу өтті.

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінде «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық «Бірлік» филиалының өкілдерімен кездесу өтті.

Іс-шара мақсаты – Ұлт жоспарының бағыттарын, Бес институционалдық реформаны, Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» жолдауын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Дағдарысқа қарсы жоспарын іске асыру бойынша қабылданған шараларды түсіндіру.

Алғы сөзінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Кәкімжанқызы Сабырбаева Комитет пен «Резерв» РМК қызметкерлерін Мемлекет басшысының мемлекеттігімізді нығайтуға арналған «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары – 100 нақты қадаммен» таныстырды.

 «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық «Бірлік» филиалының ақпараттық-насихат тобының мүшесі Раиса Петровна Шер баяндамасында бес институционалдық реформаның негізгі бағыттарын, сондай-ақ шындықтың жаңа жаһандық кедергілерін және біздің шынайы мүмкіндігіміздің негізіндегі дағдарысқа қарсы іс-қимылдың тұтас стратегиясын қызықты және қолжетімді түсіндірді. Раиса Петровна бүгін біздің бәрімізге еліміздің болашағы үшін жауапкершіліктің жүктелгенін және әрбір азамат біздің Отанымыздың әл-ауқатын бірлесе көтеріп, Мемлекет басшысы Жолдауын іске асыруға белсенді араласуы тиіс екенін атап өтті. 

«Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының орынбасары Әлия Нұрышқызы Қайшарова «Нұр Отан» партиясының бес институционалдық реформаны іске асырудағы ерекше рөлін атап көрсетті. Ол аталған бағыттағы «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты балалық» жобаларымен, «Мен салауатты өмір салтын қолдаймын!», «Қан тапсыр, өмірді құтқар!» акцияларымен, сондай-ақ «Бірлік» филиалы мен бастауыш ұйымдар ұйымдастырған іс-шаралармен таныстырды.

Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің Жұмылдыру резервін есепке алу және бақылау басқармасының басшысы бастамашылдықпен шыққан сөзінде партия қызметкерлеріне ұсынған ақпараттары үшін алғысын білдірді. Ол Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында көрсетілген 11 басты бағытты атап өтті.

Жастар атынан сөйлеген «Резерв» РМК Күрделі жөндеу басқармасының бас маманы Миржан Марсжанұлы Нұрабек жастарды Ұлт жоспарын іске асыру мен реформа жүргізуге белсенді қатысуды қолдауға шақырды.

Комитет пен «Резерв» РМК қызметкерлері кездесу тақырыптарын талқылауға белсене араласты.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі