Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 794 Қаулысына сәйкес Ауғанстан Ислам Республикасынының достас халқына жалпы сомасы 819 миллион 209 мың теңге болатын 56 вагон мөлшерінде ресми ізгілік көмек көрсетті, соның ішінде:
-
жоғары және 2-сұрыпты бидай ұны;
-
ет консервілері мен кептірілген көкөністер тиеп жіберілді.
Қазақстан Республикасы тарапының ресми өкілі Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті «Резерв» республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Высота» филиалының директоры А.Қ. Жақанов ізгілік жүкті Ауғанстан тарапының ресми өкілі - Ауғанстан Ислам Республикасы атқарушы билігінің Көмек және сый беру директоры Исламуддин Секандариге Балх провинциясы, Хайротон станциясында табыстады.
2018 жылғы 2 қаңтарда Хайротон станциясына келіп жеткен ізгілік жүктің бірінші тобын табыстау кезінде Ауғанстан Ислам Республикасы СІМ өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді. Сол күні Қазақстан Республикасының ізгілік көмек көрсеткені туралы ақпарат жергілікті және республикалық БАҚ арқылы таратылды. Ізгілік көмектің екінші және үшінші тобы 2018 жылғы 5, 13 қаңтарда Хайротон станциясына келіп жетті.
Ауғанстан Ислам Республикасынының халқы Қазақстан Республикасы көрсеткен ізгілік көмек үшін алғыс білдірді.
- Опубликовано: 22 Январь 2018
- Обновлено: 09 Февраль 2018
- Создано: 22 Январь 2018
- Просмотров: 10026