Мерекелік жиынды ҚР ҚАӨМ Мемлекеттік материалдық резевртер комитетінің Төрағасы Б.З. Иманәлиев құттықтау сөзімен ашты. Салтанатты іс-шара барысында ҚР ҚАӨМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің Төрағасы Б.З. Иманәлиев Комитет пен «Резерв» РМК қызметкерлерінің жартысын әдемі, күш-қуаты сарқылмас, ақылды, адал және сабырлы әйелдер қауымы құрайтынын атап өтті. «Жұмыста ерлермен қатар табысқа жете отырып, әйелдер қамқоршы ана, нәзік әйел және сүйкімді қарындас та бола біледі», -деді Төраға өз сөзінде.
Мерекелік концертте күй тартылып, ән шырқалды. ҚР ҚАӨМ ММРК және «Резерв» РМК ерлер ұжымы нәзік жандылар қауымына естелік сыйлығын сыйға тартты.
- Опубликовано: 07 Март 2018
- Обновлено: 12 Март 2018
- Создано: 07 Март 2018
- Просмотров: 9675