Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке қатысты.

2018 жылғы 21 сәуірде Астана қаласында астананы санитарлық тазарту, көгалдандыру және абаттандыру бойынша жалпықалалық сенбілікке Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің қызметкерлері ат салысты. Аумақты санитарлық тазалау бойынша жұмыс Мәңгілік Ел даңғылының батыс бөлігі бойымен Т. Рысқұлов көшесінен № 31 көшесіне дейін жүргізілді.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі