Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқы Бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Біздің елімізді мекендейтін барша халықтың татулығы мен бірігуінің белгісі ретіндегі осынау көктемнің айтулы мерекесі достықтың, бауырластық пен ынтымақтастықтың басты мерекесі болып саналады.
Тәуелсіз Қазақстанның барлық табыстары мен жетістіктеріне көп жағдайда еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің арқасында қол жеткіздік. Бұл – қазақстандықтардың ұлттық және діни ерекшеліктеріне қарамастан қоғамның барлық саласындағы бірлескен қызметінің жемісі.
Осынау достық пен бірлік салтанат құрған ерекше күні сіздерге мықты денсаулық, табысты еңбек, отбасылық игілік пен бақыт тілеймін!
- Опубликовано: 28 Апрель 2018
- Обновлено: 28 Апрель 2018
- Создано: 28 Апрель 2018
- Просмотров: 12249