Қайырымдылық акциясы

Таяуда Мемлекеттік материалдық резервтер Комитеті мен "Резерв " РМК қызметкерлері Астана қаласы "Мамандандырылған балалар үйіне» барып қайырымдылық акциясын өткізді.

Балалар үйінің ежелгі тарихы бар. Бүгінгі күні туғанынан бастап төрт жасқа дейінгі тәрбиеленушілердің саны шамамен алпыс бала. Балалар үйінің тәрбиешілері мен медицина қызметкерлері оларды аялап күтім жасайды, тәрбиелейді. Мұнда топ – отбасы ретінде құрылған . Әрбір отбасының өз анасы бар. Роза атты аналары шамамен отыз жыл жұмыс істеп келеді, өзінің жанұясында ересек балалары мен немерелері бар, бірақ мұнда, балалар үйінде, ол сегіз кішкентай тәтті балақандардың Анасы.Алена, Аяулым, Мақсұт біздің қызметкерлермен ойнап , бірінші болып сыйлықтарын алды.

Менің ойымша, біздің жас қызметкерлер де әсер алды. Өйткені, олар неліктен кішкентай балалар сәбилер үйінде өмір сүретындері туралы мұңға толы әңгіме естіді. Аға тәрбиешісі Жанна Алпысбайқызы балаларға отбасының жылуы мен қамқорлығы керек екенін, егер де оларды толыққанды отбасы тәрбиелеуге алса, мәз болатындары туралы айтып, ұжымымызға алғысын білдірді.

"Балалар үйінің" есіктері қамқорлық көрсетуге, моральдық қолдау жасауға өздерінің уақытын бөліп ниет білдірушілерге әрқашан ашық! Жақсылықты әрдайым жасауға болады! Игіліктің ерте-кеші жоқ.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі