11 шілдеде Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті және
"Резерв» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ұжымы мүшелерінің Мәжіліс депутаты П.О. Казанцевпен және "Бірлік" партиясы кәсіподағы төрағасының орынбасары Т. Куналдиновпен кездесу өтті.
Павел Олегович қызметкерлерді Қазақстан Президентінің Жолдауын және әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ депутаттардың заң шығару қызметі туралы хабардар етті. 10 тапсырманың мәнін түсіндірді, заңдардағы жаңалықтарды атап өтті және тұрғын үй сатып алу үшін 7-20-25 әлеуметтік бағдарламаларға назар аударды.
Өз кезегінде, қызметкерлер өзекті мәселелерді сұрап, толық жауап алды.
Т. Куналдинов ұжымда кәсіподақ ұйымдастыру туралы және кәсіподақ ұйымы мүшелерінің басымдықтары туралы мәлімдеді.
Кездесу жемісті өтті.
- Опубликовано: 12 Июль 2018
- Обновлено: 25 Август 2018
- Создано: 12 Июль 2018
- Просмотров: 12514