Спартакиада ойындарындағы жетістіктер

Елорданың 20 жылдық мерейтойына орай салауатты өмір салтын насихаттау ауқымында«Алау» Мұзайдыны » сарайында Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық ведомстволық бағыныстағы  ұйымдарының ,  қызметкерлері  арасында Спартакиада өтті.

Біздің қызметкерлеріміздің қатысуымен өткен турнирде КР ҚАӨМ ММРК мен «Резерв» РМК командасы төртінші орынға ие болды.

Волейбол бойынша қызықты және ұшқыр ойында бірінші орын алып, кубокқа ие болды, ойынға қатысушы Айтуған Жантөре  «Волейболдағы үздік ойыншы» грамотасымен және жүлдемен марапатталды.

Шахмат ойыны бойынша командаға  қатысушылары Кайназаров А.А., Солтанов К.А., Исина А.Е. бірінші орынды женіп алып грамота мен  кубок алды. Айырықша сыйлықпен және «Үздік шахматшы» грамотасы Исина Айгерімге берілді.

Спартакиадаға  белсенді қатысқаны үшін  барлық қатысушылар медальдармен марапатталды.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі