МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ОРГАНДАРЫ БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ХІV ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ

2018 жылғы 15-16 тамыз аралығында Астана қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде мемлекеттік материалдық резервтерді басқаруды жүзеге асырушы мемлекеттік (атқарушы) билік органдары басшыларының Консультативтік кеңесінің  XIV отырысы өтеді.

Консультативтік кеңес қызметінің негізгі бағыттары мемлекеттік материалдық резервтің қорларын қалыптастыру, сақтау және қызмет көрсету, оларды төтенше жағдайлардың салдарларын жою және ізгілік көмек көрсету үшін пайдалану мәселелері бойынша көп жақты ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу, сондай-ақ кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және кадрлардың біліктілігін арттыру болып табылады.

Консультативтік кеңес ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік материалдық резервтер саласындағы салалық ынтымақтастықтың жалғыз органы болып табылады.

Отырыстың жұмысында Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Монғолия, сондай ақ ТМД атқару комитетінің делегациялары қатысады.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі