Консультативтік Кеңестің отырысы туралы

15-16 қараша аралығында ТМД–ға қатысушы мемлекеттерде мемлекеттік материалдық резервтерді басқаруды жүзеге асырушы  мемлекеттік (атқарушы) билік  органдары басшыларының Консультативтік Кеңесінің XIV отырысы өтті.

Кездесуге алты мемлекет өкілдері: Қазақстан Республикасының, Молдова Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының, Монғолиядан Бақылаушы кеңесінің өкілі, сондай-ақ ТМД Атқарушы Комитетінің экономикалық мәселелер бойынша кеңесшісі қатысты.

Отырысқа қатысушылар алдында  Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Б. Атамқұлов  сөз сөйледі.

ТМД–ға қатысушы мемлекеттерде мемлекеттік материалдық резервтерді басқаруды жүзеге асырушы  мемлекеттік (атқарушы) билік  органдары басшыларының Консультативтік Кеңесінің 2017-2018 жылдар кезеңіндегі жұмыс қорытындылары туралы Консультативтік кеңестің төрағасы Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер  комитеті төрағасы Б.З. Иманалиев баяндама жасады.

Қатысушылар материалдық құндылықтарды сақтау саласындағы тәжірибелерімен бөлісті, материалдық құндылықтарды ұзақ сақтаудың инновациялық әдістерін анықтауға бағытталған  ғылыми зерттеулер саласындағы мүмкіндіктер туралы ұсыныстар мен баяндамалар тыңдалды.

Мемлекеттік материалдық резерв жүйесін цифрландыруды  өткізу туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» республикалық мемлекеттік кәсіпорны   бас директорының орынбасары Т.А. Қанафин сөз сөйледі.

Кеңес барысында Консультативтік Кеңестің 2018 - 2019 жылдарға арналған төрағасы сайланды, оның міндеттерін орындаушы  Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік резервтер қорының төрағасы К.А. Айдаров.

Бұл жемісті кездесудің нәтижесі XIV Консультативтік Кеңесіне қатысушы елдерінің делегаттары қол қойған Хаттама, ол мемлекеттік материалдық резервтердің запастарын қалыптастыру, сақтау және төтенше жағдайлар зардаптарын жою, ізгілік көмек көрсету кезінде пайдалану мәселелері бойынша елдер арасындағы ынтымақтастықты растайды.

Консультативный совет руководителей

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі