"Қазақстан – спорт елі!"

2018 жылғы  29 қыркүйегінде "Велотрек" стадионында  "Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарының арасында"Қазақстан – спорт елі" атты    жазғы спорт түрлері: шағын футбол, волейбол, үстел теннисі және шахмат бойынша турнир өтті.  Негізгі жүлде болып  "Нұр Отан" партиясы "Бірлік" филиалы Төрағасының  Кубогы ойнатылды. Әр түрлі ведомстволардың бастауыш партия ұйымдарынан барлығы 26 команда қатысты.

Старт алдында құрметты қонақтардың қатысуымен Салтанатты ашылуы өтті, оның арасында ғарышкер, Халық қаһарманы, авиация генерал –майоры А. А. Айымбетов, пара - биден әлем чемпионы К. Н. Тыныбекова, грэпплинг  бойынша әлем чемпионы, қыздар арасында Азия чемпионы, Қазақстанның бірінші әлем чемпионы А.А.Әбілқадырова, "Нұр Отан" партиясының "Бірлік" филиалының бюро мүшесі  Ә.Н.. Қайшарова болды. Қонақтар өздерінің құттықтау сөздерінде ұлт денсаулығы – табысты болашақтын негізі деп атады.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Министрлігінің "Қалқан" командасы құрамында саласындағы Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің және  ҚР ҚАӨМ ММРК "Резерв" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлері қатысты.

Шахмат командасында ҚР ҚАӨМ ММРК "Резерв" РМК ішкі бақылау басқармасының жетекші маманы Б.Т. Ибрагим, ҚР ҚАӨМ ММРК "Резерв" РМК кадр жұмысы мемлекеттік тіл және құжат айналымы басқармасының маманы А.Е. Исина, волейболдан ҚР ҚАӨМ ММРК "Резерв" РМК заң басқармасының бас маманы Ж. Айтуғанұлы, мини –футбол бойынша ҚР ҚАӨМ ММРК "Резерв" РМК күрделі құрылыс басқармасының бас маманы Д.Е. Ойратов және ҚР ҚАӨМ ММРК мемлекеттік резервті есепке алу және бақылау басқармасының сарапшысы Е.К. Жапышев лайықты өнер көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте "Қалқан" құрама командасының ойыншылары волейбол және үстел теннисі бойынша үшінші орын алып "Бірлік" филиалының үшінші дәрежелі дипломымен және естелік кубогымен марапатталды. Шахмат жарысында құрама команда төртінші орынға ие болды.

Біздің қатысушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз, мықты рух пен алдағы уақытта жеңіс тілейміз.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі