2018 жылдың 5 қазанында Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті» және «Резерв» республикалық мемлекеттік кәсіпорны ұжымы «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы мен Астанадағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өкілдерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» туралы тақырыбында кездесу өтті
«Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалының төрағасының орынбасары Шыңғыс Қожахметов халыққа лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін әлеуметтік бағдарламаларды қолдау туралы, тұрғындармен жүйелі кездесулерді ұйымдастыру үшін қабылдау бөлмелері ашу туралы айтып берді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманы Бітімбай Асан «Астана - адалдық алаңы» мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты туралы жобаны ұсынды. Ол сондай-ақ әрбір азамат өзінің азаматтық ұстанымын көрсетуге және сыбайлас жемқорлықты жоюға үлес қосуға міндетті екенін атап өтті.
Бұл жоба бағытының бірі - мемлекеттік органдар басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру және азаматтар мен бизнес үшін кедергісіз және қолайлы жағдайлар жасау, мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігін арттыру болып табылады.
Кездесу барысында ақпарат ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Астана - адалдық аланы» жобасының бейнематериалдары көрсетілді.
- Опубликовано: 05 Октябрь 2018
- Обновлено: 09 Октябрь 2018
- Создано: 05 Октябрь 2018
- Просмотров: 10178