ҚР ҚАӨМ ММРК қызметкерлері бүгін өткен қазақ тіліндегі жаттығу диктантының қатысушысы бола алды.
Бүкілхалықтық диктант жаңа қаріппен танысу және оған назар аудару мақсатында өткізілді. Диктант жазар алдында қызметкерлер жаңа алфавитпен және оны жазу ережелерімен танысты. Іс жүзінде қатысушылар жаңа қазақшаі латын қаріптері бар парақтарды көмекші құрал ретінде пайдаланды.
Диктант мәтіні Нұрсұлтан Назарбаевтың "Рухани жаңғыру: қоғамдық сананы жаңғырту "атты мақаласынан алынған. Мұндай диктанттар қорытынды жасау және тілдер жөніндегі комиссияға ұсыныстар дайындау үшін де өткізілетін болады.
- Опубликовано: 14 Ноябрь 2018
- Обновлено: 14 Ноябрь 2018
- Создано: 14 Ноябрь 2018
- Просмотров: 12202