Тәжікстан Республикасына ізгілік көмек.

        Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысын орындау үшін 2018 жылдын желтоқсанында, төтенше резерв қорынан Тәжікстанға, 5000 (бес мың) тонна мазут отыны  түрінде гуманитарлық көмек көрсетілді.

            Гуманитарлық көмекті ресми тапсыру рәсімінде Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Нұрлан Сейтімов қатысты. Аталған жүк сертификаты Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігі директорының орынбасары Сохибджон Зиёдуллоевке табысталды.

        Елші Нұрлан Сейтімов атап өткендей, Қазақстан 2006 жылдан бастап жыл сайын Тәжікстан Республикасының халқына көмек көрсетіп келеді.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі