Қуат Сағиев Абу-Дабида өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатының жеңімпазы болды. 86 елден келген 4 мың сайыскерлердің арасынан ол бірінші орынды жеңіп алды.
Чемпионның сөздеріне қарағанда, ол бұрыннан Қазақстанның туын құрмет тұғырының жоғарғы сатысына көтергенді армандаған. 25 сәуірде таңертең спортшы мен басқа да команда мүшелері Астанаға келіп жетті, жеңімпаздарды туысқандары мен жақындары қарсы алды.
«Бұл медальді спортшылардың барлығы да ұтып алып, иеленгісі келген еді, ал мен Қазақстан үшін күрестім. Біздің туымызды көтеру менің бұрыннан бергі арманым еді. Бұл соңғы емес, кезекті жеңісім деп үміттенемін», - деді чемпион.
Бұл Қуат Сағиевтің үшінші жеңісі екенін айта кеткен жөн. Ол Қазақстанның, Еуропаның, енді әлемнің де чемпионы. Жеңіс 14 қарсыласты жеңіп шыққан кейін келді. Жеңімпаздың айтуы бойынша, ол бұнымен тоқталып қалмайды.
Абу-Дабидағы джиу-джитсу бойынша әлем чемпионатына бүкіл әлемнен мықты спортшылар жиналды. Астанадан 22 спортшыдан тұратын құрама команда барды. Құрама команда қоржынында 4 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль бар. Чемпионның айтуынша, жеңіске жетуге жаттықтырушы Арманжан Рузахунов көп еңбек сіңірді. «Ол біздің ең жақын жанкүйеріміз де, жанашырымыз да болып, бізбен бірге тер төкті. Сөйтіп біз осындай жетістікке жеттік»,-деді Қуат Сағиев.
Сағиев Қуат Әділжанұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» РМК «Комета» филиалының директоры.
- Опубликовано: 27 Апрель 2015
- Обновлено: 25 Ноябрь 2016
- Создано: 27 Апрель 2015
- Просмотров: 15694