Сұрақ. Кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын жеке тұлға ұсынған тендерге қатысу туралы өтінімінде қандай құжаттар болуы тиіс?
Жауап: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 1108 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі - Қағидалар) Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларының 11-тармағына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын тендерге қатысуға ниет білдірген жеке тұлғаның тендерді ұйымдастырушыға ұсынатын тендерге қатысуға өтінімі мыналарды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тендерлік өтінімді;
2) жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
3) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен екінші деңгейдегі банктердің банк кепілдіктері мен кепілгерліктерін беру тәртібіне сәйкес берілетін банк кепілдігі түрінде осы Қағидаларда белгіленген мөлшерде тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың не ведомстволық бағынысты ұйымның банктік шотында орналастырылатын кепілдік берілген ақша жарнасын растайтын төлем құжатының түпнұсқасын қамтуға тиіс.
Сұрақ. Тендерге қатысуға ниет білдірген дара кәсіпкердің тендерге қатысу өтінімінде қандай құжаттар болуы тиіс?
Жауап: Қағиданың 12-тармағына сәйкес тендерге қатысуға ниет білдірген дара кәсіпкердің тендерді ұйымдастырушыға ұсынатын тендерге қатысуға өтінімі мыналарды:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тендерлік өтінімді;
2) жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
3) мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
4) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен екінші деңгейдегі банктердің банк кепілдіктері мен кепілгерліктерін беру тәртібіне сәйкес берілетін банк кепілдігі түрінде осы Қағидаларда белгіленген мөлшерде тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың не ведомстволық бағынысты ұйымның банктік шотында орналастырылатын кепілдік берілген ақша жарнасын растайтын төлем құжатының түпнұсқасын қамтуға тиіс.
Сұрақ. Тендерге қатысуға ниет білдірген заңды тұлғаның тендерге қатысу өтінімінде қандай құжаттар болуы тиіс?
Жауап: Қағиданың 13-тармағына сәйкес тендерге қатысуға ниет білдірген заңды тұлғаның тендерді ұйымдастырушыға ұсынатын тендерге қатысуға өтінімі мыналарды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тендерлік өтінімді;
2) жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін;
Егер заңды тұлға өзінің қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда тендерге қатысуға өтінім заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы өтініштің көшірмесін қамтуға тиіс.
Қазақстан Республикасының резидент еместері мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен нотариалды куәландырылған сауда тізілімінен жария етілген үзінді көшірмені ұсынады;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық үкімет порталы арқылы алынған жағдайда, ол нотариат куәландырылған анықтама көшірмесімен бірдей қабылданады;
4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес үміткердің банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешегінің жоқ екені туралы үміткерге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қол және мөр қойылған анықтамасының түпнұсқасын (егер үміткер екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама тендерлік өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан ерте емес берілуі тиіс. Анықтамаға қол қойған лауазымды адамның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы үміткердің тендерлік өтінімінен бас тартуға негіз болып табылмайды;
5) егер тендерлік өтінімге заңды тұлғаның басшысы емес, басқа адам қол қойған жағдайда - уәкілетті адамға берген сенімхатты, уәкілетті адамның жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
6) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен екінші деңгейдегі банктердің банк кепілдіктері мен кепілгерліктерін беру тәртібіне сәйкес берілетін банк кепілдігі түрінде осы Қағидаларда белгіленген мөлшерде тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың не ведомстволық бағынысты ұйымның банктік шотында орналастырылатын кепілдік берілген ақша жарнасын растайтын төлем құжатының түпнұсқасын қамтуға тиіс.
Сұрақ. Тендерге қатысу өтінімін ресімдеуге қандай талаптар қойылады?
Жауап: Қағиданың 21-тармағына сәйкес тендерге қатысуға өтінімді үміткер тендерді ұйымдастырушыға тігілген, парақтары нөмірленген түрде береді және соңғы парағы оның қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін егер осындай болса) расталады. Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.
Тендерлік өтінім қағиданың 22-тармағына сәйкес тендерлік өтінімнің нысаны басып шығарылады немесе өшірілмейтін сиямен жазылады, үміткердің қолы қойылады және мөрімен (жеке тұлға үшін егер осындай болса) расталады.
Сонымен қатар, тендерлік өтінімде жол арасында қосымшалар, өшірулер және қоса жазулар, сондай-ақ арифметикалық қателер болмауға тиіс.
Қағиданың 25-тармағына сәйкес тендерге қатысуға өтінімнің түпнұсқасы конвертке салынады және тендерлік комиссияның отырысында ашылады.
Сұрақ. Тендерлік өтінімде қандай мәліметтер қамтылуы тиіс?
Жауап: Қағиданың 1,2,3-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша толтырылады. Қағиданың 24-тармағына сәйкес тендерлік өтінімде үміткер лот нөмірін, материалдық құндылықтың атауын, мөлшерін, өлшем бірлігін, бағасын, материалдық құндылық үшін жалпы соманы, төлеу және материалдық құндылықты әкету мерзімін көрсетеді.
Сұрақ. Үміткер тендерге қатысудан бас тартуға құқығы барма?
Жауап: Қағиданың 30-тармағына сәйкес үміткер тендер басталардан кемінде бір сағат бұрын оған қатысудан бас тарта алады.
Сұрақ. Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету үшін қанша мөлшерде енгізеді?
Жауап: Қағиданың 15-тармағына сәйкес тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету лот сомасының 3 (үш) пайызы мөлшерінде енгізіледі.
Сұрақ. Тендерге қатысу өтінімін қамтамасыз ету қай түрінде енгізіледі?
Жауап: Қағиданың 18-тармағына сәйкес үміткер тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
1) ведомстволық бағынысты ұйымның банк шотына енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны;
2) банктік кепілдікті таңдайды.
Сұрақ. Қандай жағдайда тендерге қатысу өтінімін қамтамасыз ету тендерді ұйымдастырушыға қайтарылмайды?
Жауап: Қағиданың 19-тармағына сәйкес тендерді ұйымдастырушы тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде:
1) үміткер тендерге қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін тендерге қатысуға мұндай өтінімді кері қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырса;
2) тендер жеңімпазы деп айқындалған үміткер сатып алу-сату шартын жасасудан жалтарса;
3) тендер жеңімпазы сатып алу-сату шартының талаптарын орындамаса немесе тиісінше орындамаса қайтармайды. Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалу тендер жеңімпазын сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерін толық көлемде орындаудан босатпайды.
Жоғарыда көрсетілген жағдайлардың бірі туындаған кезде тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомасы республикалық бюджеттің кірісіне есептеледі.
Сұрақ. Тендерге үміткерлерді тіркеу қашан аяқталады?
Жауап: Қағиданың 28-тармағына сәйкес тендерге үміткерлерді тіркеу тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы күні сағат 18.00-де аяқталады.
Сұрақ. Тендердің жеңімпазы қандай мерзімде тендерді ұйымдастырушымен келісім-шарт жасасуы тиіс?
Жауап: Қағиданың 48-тармағына сәйкес тендер жеңімпазы тендер өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тендерді ұйымдастырушымен шарт жасасады.
- Опубликовано: 08 Сентябрь 2017
- Обновлено: 08 Сентябрь 2017
- Создано: 08 Сентябрь 2017
- Просмотров: 11594