Қызметі

   Кәсіпорын қызметінің мәні мемлекеттік материалдық резервті сақтау болып табылады.
   Кәсіпорын қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік материалдық резерв саласында тиісті саланың уәкілетті органының тапсырмасы бойынша және Қазақстан  Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының сақталуын қамтамасыз ету бөлігінде қызметтер көрсету болып табылады.
   Кәсіпорын қойылған мақсатын іске асыру үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады: 
- мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын Кәсіпорынның сақтау филиалдарында олардың белгіленген аумақтық орналастырылуына сәйкес сақтау, орнын ауыстыру, бағалау және күзету;
- нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен мемлекеттік материалдық резерв материалдық құндылықтарының мамандандырылған күзетін және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды;
- жеке және заңды тұлғаларға шарт негізінде уақытша бос сыйымдылықтарда, үй-жайларда, ашық алаңдарда, тоңазытқыш камераларда материалдық құндылықтарды сақтау, вагондарды уақытша сақтау үшін теміржол тұйығын ұсыну, оның ішінде тиеу, түсіру, өлшеу бойынша қызметтерді, сондай-ақ локомотив, техника, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолдарды ұсыну қызметтерін көрсету;
- құпиялылық режимін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ақпаратты қорғау мен мемлекеттік құпияларды сақтау жөніндегі қажетті іс-шараларды уақытылы әзірлеу және жүзеге асыру.
 

 

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі