Төраға блогы
Өмірбаяны
Испанов Ілияс Сапарбекұлы 1976 жылы 01 қаңтарда Қазақ ССР-і Шымкент облысы Бөғен ауданы Семхоз ауылында дүниеге келген. Қазақ емлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясының магистратурасын (Мәскеу) "Мемлекеттік және муниципалдық басқару" мамандығы бойынша бітірген, сондай-ақ "Қазақстанның интеграцияланған банк құрылымдарында басқарудың ақпараттық жүйелерін қалыптастыру және дамыту "тақырыбында экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін диссертациясын табысты қорғады.
Еңбек жолын "Ақ-Бастау" АБ Сарыағаш филиалының бухгалтері, одан әрі ОҚО әкімінің бас маманы, көмекшісі, Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің кедендік басқармасы Төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары; ҚР Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының орынбасары, Астана қаласының сот әкімшісі, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитеті төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары, ҚР Бас прокуратурасының Экономика және қаржы департаментінің бастығы, ҚР Бас прокуратурасының Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаментінің бастығы, ҚР Жоғарғы Соты соттарының қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы, Ақтөбе қаласының әкімі.
ҚР Ұлттық экономика министрі Р. Дәленовтің бұйрығымен 2019 жылдың 10 шілдесінен бастап ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Аға әділет кеңесшісінің сыныптық шені, кеден қызметінің майоры атағы бар, "Құрмет" орденімен, "Үш би" құрметті белгісімен, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының "Прокуратураның құрметті қызметкері" ведомстволық наградасымен және басқа да бірқатар медальдарымен марапатталған.