Төтенше жағдайды жоюға арналған Мемлекеттік материалдық резервтен 150 астам техника бөлінді

 

 

 

Қымбатты достар қаңтар айы әрбір Нұр-Сұлтан қаласы тұрғынға есте қалды . Күнікеше Республикамыз бойынша қалыңқар, қаттыжел, бұрқасын боран, алты облыстың аумағында өтті.

Бұл қарды метеорологтар жауын-шашынның молдығы бойынша 1964 жылдың табиғи құбылысымен салыстырады.

            Боран құрсауында Ақмола облысының елді мекендері қалып, барлық жолдар жабылды. Нұр-Сұлтан қаласында жалғасып жатқан боранға байланысты жергілікті төтенше жағдай жарияланды.

            Үкіметтің шешімі негізінде ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті елорда аумағындағы төтенше жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтен 13 бірлік автогрейдер, 17 бірлік шнекороторлы қар кетушілер, 6 бірлік бульдозер, 18 бірлік автосамосвал, 5 бірлік вахталық автокөлік, 10 бірлік жолаушылар автобусы, 2 бірлік жүк көліктері,
10 бірлік тіркеме базасындағы вахта, 10 дана мотопомпа, 8 дана
қысқы 20 жергілікті шатырлар, 8 дана жылу зеңбіректері, әмбебап экскаваторлардың 5 бірлігі және т. б.

Өңірлерден барлығы 150 астам техника Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстарынан және Алматы қаласынан қар басқан жерлерге келді. Арнайы техниканың көмегімен қар шығарылуда, жолдар тазалануда, жақын орналасқан елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету қалпына келтірүде, ауа райының қолайсыздығына қарамастан жолда қалғандар үшін ұйықтайтын қаптары бар арнайы жылытқыштармен жабдықталған палаткалар да мобильді көмек пункттерін ұйымдастыруда.

Біздің басты міндетіміз - мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және шұғыл жағдайларға әрдайым дайын болу екенін түсінеміз!

 

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі